Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2017

Ауданның бас шыршасының шамдары жағылды


   Бүгін, кешкі сағат 18.00-де Бостандық ауданы Тұңғыш Президенті саябағы алдында  жаңа жылдық мерекенің басты символы болатын  ауданның Бас шыршасының шамы жағылды.

                                          

   Шараға аудан әкімі Б. Торғаев, аудан әкімінің орынбасары М. Балбаева  қатысты.

 Сән -салтанаты жарасқан жаңа жылдық әсем шыршаның безендірілуі де ерекше. Әсем үлкен ойыншықтар мен түрлі жарықшамдармен жабдықталған орман сұлуы келушілердің қөзін тойдырып, қуанышқа бөледі.

                           

  Бұдан өзге бүгін, қаланың  жеті ауданының  бас шыршаларының шамдары   бір мезгілде жағылды. Ол Алматы Арена, МАОБТ, Сац  атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Наурызбай ауданы әкімдігі алдында, Орталық стадион, Астана алаңы және қаламыздың Бас шыршасы Республика сарайы алдында орнатылған шырша.

18.12.2017