Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2019

«Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» атты семинар-кеңес өтті.


Алаты қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы мен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» атты семинар-кеңес өткізді.

 

Семинарды алғы сөзімен ашқан аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан семинар модераторларымен таныстырып, алғашқы сөз кезегін Алматы қаласы әкімінің аппараты тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас маманы Шаймерденов Нұрмұқа Рыспайұлына берді.

 

Өз кезегінде Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, Латын қарпін енгізу бойынша түсіндіру орталығының маманы Сабирова Алима Есенқызы сөз алып, Латын қаріпіне көшу туралы өз ойларын айтып жеткізді.

Шара соңында тыңдаушылардан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинарға аудан әкімі аппараты, аудандық құрылымдық бөлімшелер, жалпы білім беру ұйым басшылары, Нұр Отан партиясы мүшелері, аудандық салық бөлім қызметкерлері қатысты.

18.10.2019