Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2019

Осы сенбіде Алматыда Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді


19 қазанда Астана алаңында Түркістан облысының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді (Төле би көшесі, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі арасындағы).

210 тонна өнімді Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент және 13 облыстық өндірушілер әкеледі.

Алматылықтардың таңдауына 50-ден астам тауар ұсынылады. Ассортиментте: 60 тонна ет және балық өнімдері, 5 тонна сүт, 130 тонна жемістер мен көкөністер, сондай-ақ 15 тонна ұн, жарма және басқа да өнімдер түрлері бар.

Азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен болады. Сиыр етін килограмы үшін 1800 теңгеден, тауық етін - 750 теңгеден, картопты килограммы 70 теңгеден сатып алуға болады.

 Жәрмеңке таңертең 8-де ашылады.

 

 

18.10.2019