Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

Қоғам игілігі үшін сенбілік


Өткен демалыс күндері Бостандық ауданы әкімшілігінің қолдауымен аудандық прокуротура Пробация қызметі бөлімімен бірге тұрақты жұмыс орны жоқ, ешжерде оқымайтын және бас бостандығынан уақытша шектелген, (сотталған) бірқатар азаматтарды  Сатпаев  пен  Жандосов  көшесі аралығындағы Үлкен Алматы өзені  жағалауында жаяу жүргінші жолын қоқыстан санитарлық тазалау қоғамдық жұмысына тартты.

           

Жоғарыда аталған жұмыстар тұрақты жұмыс орны жоқ, еш жерде оқымайтын және бас бостандығынан уақытша шектетіленген, сотталған адамдарды жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда мәжбүрлі еңбекке тарту, бірақ жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын қоғамдық жұмысқа тарту туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 44 бабына сәйкес жүзеге асырылды.

          

18.06.2018