Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

Мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына арналған қайырымдылық жарысы өтті


Бостандық ауданында Тұңғыш Президент саябағындағы Мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай қайырымдылық акциясы өтті.

          

Марафонға 16 мыңнан астам адам, облыс орталықтарының, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жарыстар екі қашықтықта өтті, ерлер 2,5 км-ге, әйелдер 1,5 км жүгірді.

Ерлер арасында Денис Никищенко, қыздар арасында Дария Жолболдиева үздік атанды. «Бұл керемет оқиға, біріншіден, біздің қызметкерлерімізді біріктіруге, қоғамдық өмірге араласуға, сондай-ақ жақсы іс-әрекеттер жасауға талпындырады», - деді Дария Жолболдиева.

          

Жарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Қайырымдылық ерікті қоғамы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

18.06.2018