2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.05.2015

Бауыржан Момышұлын еске алу кеші


ҚР Ұлттық кітапханасының "Қазақстан кітаптары" оқу залында «Парасат» жастар клубының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алу кеші болып өтті.

 Шараға осы клубтың мүшелері, батырдың келіні Зейнеп апай, кітапхана оқырмандары және қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Кездесу барысында Зейнеп апа қайын атасы Бауыржан Момышұлы туралы қызғылықты естеліктерімен бөлісті.
«Атамның бір сөзі болатын. «Мен, өлгеннен кейін де тірілердің арасында жүретін бақытты жанмын» - дейтін. Мінеки, қай жерге барсаң да, ата тірілердің арасында жүреді. Міне ,сіздер де еске алып отырсыздар. Атаның әруағы біліп жатыр. Мен өзі құйма құлақ болдым. Айтқандарын қағыс жібермей жазып жүруге тырыстым. Ас ішетін бөлмедегі үстелдің тартпасында сырты май-май болып дәптерлерім жататын. Тамақ істеп, шай қойып, бөлмеге кіріп-шығып жүргенде «ұмытып кетпейінші» деп жазып жүретінмін. Соның барлығы атаның сөздері, атаның аманаты, атаға жеткен бабалардың өсиеті. Кім-кімге келін болмай жатыр? Қазақтың бір қара шалына келін болсам да сол құрметті, сол ізетті жасар едім. Ата-анамыздың тәрбиесін көрдік қой. Бірақ, Алла тағала сол қазақ халқының ардақтаған, әлпештеген ұлының қолына су құйып, шайын қайнатып беру бақытын менің маңдайыма жазған екен. Мені халық сол атаның арқасында ғана біліп жатыр. Әлгі күріштің арқасында күрмек су ішіпті дегендей ғой. Халық сол өзінің батырының келінін қалай көргісі келді, мен солай болуға тырыстым. Сол межеден шықтым ба, шықпадым ба білмеймін. Бірақ соған әлі де тырысып жүрмін. Өйткені мен қазақтың келінімін!» - деді З. Ахметова.

Осы жерде ұлтын, ана тілін сүюде, дәстүрді қастерлеуде ұлттық намысты ту етіп ұстауда Бауыржан Момышұлының өмір жолы үлгі екендігін айта келе, Зейнеп апа бүгінде көп адамның ұлтты сүю, ұлтқа қызмет ету дегенді түсіне бермейтіндігін жеткізді. Сонымен қатар, Зейнеп апа Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың арасындағы достық қарым-қатынас туралы да қысқаша әңгімелеп берді.

  Шара шеңберінде ««Қаһарман ұлы қазақтың» батыр Бауыржан Момышұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

18.05.2015