Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.04.2017

«Жаңа туылған нәрестелерді екпемен қамту»


 Алматы қаласы Бостандық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Балалар кардиохирургия және Перинатология орталығында, жас аналар мен медицина қызметкерлер арасында жаңа туылған нәрестелерді екпемен қамту мақсатындаәдістемелік ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, семинар өткізілді.

            

Семинарға Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті басқарма орынбасары, арнайы шақырылған педиатр иммунолог және де жұқпалы аурулар профессоры қатысты. Семинар барысында екпеге қатысты күрделі мәселелер талқыланды, кеңестер беріліп, жұқпалы аурулардың алдын алуға шақырылды.

            

Қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып,оған мамандармен қанағаттанарлық жауаптар берді.

Шара аясында жас аналар арасында екпе жайында сауалнама жүргізілді.

18.04.2017