2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2020

"Қайырымдылық - жүрекке жылу сыйлайды"


Қайырымдылық жасау ісі - ол адамның биік ой санасы десек қателеспейтін шығармыз. Қоршаған ортасындағы адамға деген жылу ықыласы мен ізгілігін білдіруі ол адамның бойындағы қасиетті көрсете білгені.

 

Демалыс 16 ақпан күні ауданымыздың көптеген тұрмысы төмен отбасылары "Орбита-3" мешітінің қызметкерлерімен көрсеткен изгі ниеттерін, жылы сөздерін сезінді.

 

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей, кеше "Орбита-3" мешітінің демеушілігімен, №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Қайырымдылық - жүрекке жылу сыйлайды" атты қайырымдылық игі шарасы өтті.

 

Шараның басты мақсаты жүрекке жылу сыйлау, көмекке мұхтаж жандарға көңіл бөлу.

Бұл шараға №40 мектебінің материалдық көмекке зәру 15 отбасы қамтылды. Оның ішінде көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, жағдайы төмен отбасылар көмек алды.

Жалпы 50-60 жуық бала қамтылды. Көрсетілген көмек түрі күнделікті керекті азық-түлік тауарлары. Бұл мешіт пен мектептің бірігіп ұйымдастырып жатқан дәстүрлі қайырымдылық жұмыстарының бірі ғана.

 


18.02.2020