2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.03.2015

Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті


Алматы қ. Бсотандық ауданы базасындағы Ұлттық кітапханада Қазақстанға белгілі жазушы-аудармашы Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті.

Шараға жазушының көзін көрген үзеңгілес достары және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысты.

«Бүгін біз елімізге белгілі қоғам қайраткері, қазақ, орыс және неміс тілдерінде қатар қалам тербеген көрнекті жазушы, дарынды аудармашы, тамаша публицист Герольд Бельгерді еске алу үшін жиналып отырмыз. Ол биыл 7 ақпан күні 81 жасына қараған шағында дүниеден озған еді. Бірақ, оның патриоттық рухқа толы шығармалары мәдениетіміздің асыл қазыналары болып қала бермек», - деді осы кешті ашып жатып белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.

Ол сонымен қатар, Алматыда бір көшеге Герольд Бельгердің есімін беру керектігін алға тарты. Гер аға соңғы 41 жыл өмірін осы Алматы қаласында өткізген екен.

Жиын барысында Герольд Бельгердің өмірі мен шығармашылығына арналған 20 минуттық фильм көрсетілді. Онда жазушының Қазақстанды өзінің шын отаны санайтындығы, Алматыны қатты ұнататындығы туралы айтқан жан тебірентерлік әңгімелері көрермендерді қатты толқытты.  


17.03.2015