Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2017

Бүгін желтоқсан құрбандарын еске алып, Құран оқылды


Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, желтоқсан құрбандарын еске алып «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылды.

           

Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен «Тәуелсіздік таңы» монументіне Алматы қаласының басшысы Бауыржан Байбек, Алматы қаласының сегіз аудан әкімдері, Алматы жастары және Желтоқсан оқиғасына қатысушылар атынан гүл шоқтары қойылды.

           

Бұдан кейін бір минут үнсіздік жарияланып, артынан  Желтоқсан оқиғасында құрбан болған боздақтардың рухына бағышталып құран оқылды.

           

Шара соңында «Жұлдыз» мейрамханасында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында құрбан болған боздақтарды еске алуға арналған ас беру ұйымдастырылды.

          

17.12.2017