2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2019

Ауданның кітапханашылары марапатталды


Кітапханашылар қауымы барлық жұртшылық үшін рухани жаңалық алыбы, жаңа леп, жайсаң көзқарас жаршысы.

 

2019 жылы 15 қазан күні Бостандық ауданында орналасқан ҚР Ұлттық кітапхана қабырғасында ауданның барлық кітапхана қызметкерлері жиналып төл мерекелерін атап өтті.

 

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапхана, И.А. Крылов атындағы балалар кітапхана және №№ 14,29 кітапханаларының ұжымдарын аудан әкімінің атынан адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерінің қосқан үлестері үшін, құрмет грамоталар, алғыс хаттармен марапатталып, еліміздің жарқын болашағы жолындағы қызметтеріне табыс, бақ-береке тіледі.

17.10.2019