2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.06.2020

"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" Республикалық акция


Полиция қызметкерлері халықтың қалың жігін таныстыру және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15-18 маусым аралығында Алматы қаласының аумағында "отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» Республикалық акциясы жұргізіледі.

 

Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда отбасылық құндылықтарды дарыту, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.

Егер сізге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың болғаны жөнінде белгілі болса немесе сіз куәсі болып отырсаңыз, сіздің назарыңызды 102 нөмірі бойынша полицияға дер кезінде жүгіну қажеттігіне аударамыз.

 

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша "тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы" КММ-нің штаттық режимде жұмысын атқаруда 8(727)-243-22-21, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін және жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін тегін 150 номері қызмет атқарады.

Азаматтар! Зорлық-зомбылық фактілері туралы полицияға барудан қорықпаңыз! Бостандық ауданы ПБ-ның ЖПҚБ әйелдерді зорлық-замбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенант Мендешова Алтынай Наурызбаевкызы

Жұмыс телефоны: 254-47-32.

17.06.2020