Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.04.2018

Жастар «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы Бектұрғанов Мәуленмен кездесті


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «100 жаңа есім» жобасының қатысушы Бектұрғанов Мәулен Бостандық ауданында  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студент жастарымен кездесті.

           

Бектұрғанов Мәулен Қазақстанда алғаш рет қолдардың бионикалық протезін жасап шығарған MBionics компаниясының негізін қалаушы.Аталған протезIII топ мүгедектерінің күнделікті тіршілігін жеңілдетуге арналған. Протез адам қолдарының дәл нұсқасын қайталайды. Мәулен қазақстандық ғылымды жаңа деңгейге көтере білді. Ол көмекке мұқтаж отандастарына шетелге шықпай толыққанды тыныс-тіршілікке келуге өз көмегін тигізіп жатыр. Кездесудің себебінің өзі де осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, адамдардың өмірін жеңілдетуді көмектесу.

           

Іс-шараның басты мақсаты университет студенттеріне өз маңдай-терімен, өз күшімен, талантымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан тұлғалардың мысалы арқылы оларды жігерлендіре білу. Жетістікке өз қолымен жетіп отырған аталмыш оқу орнының түлегінің мысалымен жастарды еңбекке, табандылыққа тәрбиелеу. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтып өткендей – «Олардың өмір жайлы айтқандары кез-келген статистикадан артық тұрады».

Жұмысының тығыздығына қарамастан «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы кездесуге келіп, өзінің осы уақыт аралығында жинаған тәжірибесімен қуана бөлісті. Кездесу барысында Бектұрғанов Мәулен еңбек жолының қалай басталғанын, қандай өзгерістерге ұшырағаны жайлы айтып өтті. Одан бөлек, жас кәсіпкер оның жобасының қаншалықты маңызды екендігін айтты. Сондай-ақ, ол өзінің ойымен, алдағы жоспарларын айтып, студенттермен бөлісті.

Ары қарай келген студенттер Мәуленге өз сұрақтарын қою мүмкіндігін алды. Ол барлық сұрақтарға қуана-қуана толық, әрі нақты жауаптар берді. Кедесу соңында студенттер жас кәсіпкердің университет қабырғасына келгендігіне алғыстарын білдіріп, ары қарай байланыс жүргізу мақсатында телефон нөмірлерімен алмасты.

17.04.2018