Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.04.2018

Наурыз мерекесі жалғасуда


Биылғы «Наурыз мейрамы» жылдағыдан өзгеше. 22 Наурыздан 22 сәуірге дейін созылатын Ұлыстың ұлы күнін қарсы алу әлі жалғасуда. «Рухани жаңғыру» бағдаралмасы аясында жалғасын тауып жатқан мерекені бұл жолы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Халықаралық ақпараттық технология университетінің ректоры Шыныбеков Дамир Әбдухалиұлы үш жерде ұйымдастырып өткізді.

           

Алғашқы болып №51 мектепте аудандан тұрғындары мен ақсақалдарың басын қосты.

Мереке барысында Университеттің ұлт аспаптар оркестрі күмбірлетіп күй тартып, әуелете ән салып, би биленді.

Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Біржанов Хамит
Біржанұлы
жиналған жұртты «Ұлыстың Ұлы күнімен» құттықтап, мерекені ұйымдастырып отырған Дамир Әбдухалиұлына ырзашылығын білдірді.

           

Келесі Наурыз түскі сағат 13.00-де Мұстафа Өзтүрік көшесінің 8-ші үйдің ауласында ПИК мүшелері мен тұрғындармен жалғасыты.

Халық қалаулысы Дамир Әбдухалиұлы өз сайлаушылар алдында ыстық ықыласын айтып, мерекелік құттықтау тілегін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қызметкерлері мен ардагерлер, тұрғындарды көктем мерекесімен, Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. Мұнда да жиналған жұрт наурыз көже ішіп, дастарханнан дәм татты.

              

«Наурыз мейрамы» одан кейін, сағат 16.00- М. Ғабдуллин мен Е.Сыпатаев көшелер қиылысында тұратын аудан тұрғындарымен жалғасты. Мерекеге арнайы шақырылған аниматорлар кішкентай қонақтардың көңілін көтеріп түрлі ойындар ойнады.

Осылайша көктемді көпшілік болып қарсы алған №21 сайлау округтың тұрғындары ұйымдастырушыларға ырзашылықтарын білдіріп алғыс айтумен болды.

17.04.2018