Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.04.2017

Алматыда велошеру-2017 маусымы ашылды


 Сәуірдің 16-ы жексенбі күні Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Велошеру маусымының ашылу салтанатына орай велошеру өтті.

         

  Шараға қатысушылар 16 сәуірде сағат 08:30-да  жиналып, «Нұрлы-Тау» бизнес орталығы маңындағы алаңнан бастап, Тұңғыш Президент саябағында аяқтады. Жалпы велошабандоздар  батыс бағытта 9 шақырымдық жолды жүріп өтті. Велошерудің салтанатты ашылу рәсіміне қала тұрғындарымен қатар, Қазақстанның әйгілі спортшылары мен әртістері қатысты.    

         

  Сонымен қатар, велошеру басталмас бұрын, қатысушыларға арнайы нөмірлер беріліп, сол арқылы мәреде сызығында бағалы сыйлықтар ойнатылатын лоторея ойнатылды. Басты сыйлық - электр тоғымен жүретін велосипед. Одан бөлек, келген қонақтар мен қатысушылар Алматы қаласының намысын құрлықаралық велододаларда қорғайтын «Apple Team» жаңа кәсіпқой велокомандасын таныстыру рәсімін тамашалап, велошабандоздармен танысады.

         

 Естеріңізге сала кетейік, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында мегаполисте 20 велошеру өтпек, соның ішінде түнгі велошеру де бар. Қауіпсіздік мақсатында, міндетті талап ретінде қатысушыларда қорғаныш шлемі болу қажет. Сәл кері шегініп веложеру тарихына үңілетін болсақ , алматылық велошерулер 2009 жылы басталған, сол жылы 300-ге жуық адам қатысқан. Содан бері қатысушылар саны өсіп, соңғы жылдары танымалдылығы артып келеді. 

         

2014 жылы Қазақстанның велосипед спорты 100 жылдығын атап өтті! Айта кетер жайт, өткен жылы «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында  21 велошерулерге  19 000-нан астам адам қатысқан.


17.04.2017