2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2020

Ауданда жас ақындар айтысы өтті


2020 жылы 14 ақпан күні Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен, №40 жалпы білім беретін мектеп ұжымының ұйымдастыруымен №145 мектеп базасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Айтыс – сөздің майданы» тақырыбында аудандық жас ақындар айтысы өтті.

 

Айтыс – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын қазақ ұлтының өнері. Ұрпақтан ұрпаққа, өткен заманнан бүгінгі заманға ұласып келе жатқан айтыс өнерін дәріптеп, сөз төркінін қадірлейтін, өнерлі халық екенімізді жастарға таныту мақсатында өткізілген аудандық жас ақындар айтысының маңызы өте зор.

 

Дәстүрлі айтыстың шымылдығын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбаев Аманқос Урметұлы ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі.

 Жыр додасында сөз өнерінің інжу-маржанын ұтымды жеткізе білген ақындарға Бостандық ауданы білім бөлімінің әдіскері - Тасмаганбетова Бинегуль Кунтуқызы, «Қазақ газеттер» ЖШС менеджері, ақын, журналист - Нукарбан Бексултан Нұрланұлы, №81 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Берденова Канзада Абдуманаповна қазылық етті.

 

 

Жыр сайысысөзден сөз тоқып, сөздің маржанын аулаған жас ақындар Абай шығармашылығы мен ізгі жолын айтыс тақырыбына арқау етті.

Айтыстың қорытындысы бойынша І - орынды М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның жас ақыны Серік Елдос иеленсе, ІІ - орынды №138 гимназияның жас ақыны Шолпан Жолдасқызы қанжығасына байлады. Ал, осы айтыс өнеріне қызығушылық білдіріп, ақындық өнерін шыңдап жүрген үш сайыскерлерімізге Алпамыс Бауыржанға, Арман Ермаханұлына және Әсем Қурасбайға ІІІ орын бұйырды.

Айтысқа белсене қатысқан жас ақындар және олардың өнерін шыңдау мақсатында, жастардың ақындық қасиеттерінің ұшталуына жол ашып жүрген ұстаздарыда Алматы қаласы, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.А.Әбдіманапованың «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

 

 


17.02.2020