Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.09.2018

Ауданда «Яркокросс-2018» халықтық марафон өтті


2018 жылы 15 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00-де Бостандық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт Басқармасының қолдауымен оңтүстік астанамыз Алматы қаласының туған күнін мерекелеу аясында «Яркокросс-2018» халықтық жүрігу өтті.

           

Биылғы жылы түрлі -түсті жүгіру аудандағы «Атакент» ҚЫӘО аумағында өтті. Кешкі қалалық мерекеге жиналған халық саны көп болды.

           

Шараның негізгі мақсаттары мен міндеттері жастар мен аға ұрпақ арасында салауатты өмір салтын, спорт және дене шынықтыруды насихаттап, дамыту болып табылады.

           

Яркокроссқа қатысушылар жүгіру алдында көңілді диджей мен жүргізушінің басқаруымен көңілді музыка ырғағымен жаттығу жасап, би билет денелерін қыздырып алды. Артынан сағат 22:00 алғашқы жүгірушілер жолға шықты.

           

Межеленген мәреге жеткен қатысушылар «Атакент» ҚЫӘО аумағындағы «Дильфин» бассейн алаңында түрлі сыйлықтармен марапатталып, арты көңілді дикотекамен жалғасын тапты.

           

          

16.09.2018