Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.07.2018

«Болашаққа қадам», «Таза қолдар» атты акциялар өтті


Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары Жекенова И.С. атындағы қалалық клиникалық жұқпалы ауру аурухана аумағында медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Болашаққа қадам», «Таза қолдар» тақырыптарында акциялар өткізді. 

          

Акцияға 25 адам қатысты. Медицина қызметкерлері флеш-моб ұйымдастырып, қолды дұрыс жуу және уақытылы өңдеу ережелерін көрсетті. Бұл акциялар ВИЧ/СПИД, нашақорлық, қолды дұрыс жуу және уақытылы өңдеу ережелері туралы біліміндерін арттыруға бағытталған.      

           

Шара барысында қолды дұрыс жуу және уақытылы өңдеу денсаулық сақтау жағынан өте маңызды рөл атқаратындығын көрсетті. Сондай-ақ ВИЧ/СПИД, нашақорлық секілді қауіпті аурулардан сақтану және оның алдын алу туралы түсіндірулер жүргізілді.

 

16.07.2018