Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.05.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті


Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

           

Комиссия отырысына Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау комиссия төрағасы - Балбаева Маржан Ертайқызы және комиссия мүшелері, комиссия хатшысы қатысты.

Шара барысында кәмелетке толмаған бірнеше баланың ісі қаралып, талқыланды.

           

Комиссияға келіп түскен барлық сұрақ арыздар қарастырала келе, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау мақсатында, істері қаралған балаларды мінездері қиын балаларға арналған арнайы білім беру мекемесіне жолдау және  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 127-бабына сәйкес ата-аналарына қатысты тиісті шара қолдану шешімі қабылданды.

16.05.2018