Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.04.2018

Аудан қарттары скандинав жүрісімен шұғылдана бастады


Алматы қаласы әкімдігімен құрылған егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардың әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру,аға ұрпақты қолдау мақсатында «Белсенді ұзақ өмір» атты Жол картасы жобасын жүзеге асыр мақсатында Бостандық ауданы әкімдігі мен Алматы қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірге ҚР Тұңғыш Президенті саябағында ауданның зейнеткерлері мен еге буын өкілдеріне арнап скандинав жүрісі спорттықжаттығулар ұйымдастырып өткізді.

           

Шараға 30 аса жиналған жоғары буын өкілдері алдында аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, Алматы қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Есмагамбетова ГулсараСейтжанқызы және Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің спорт бағынындағы комиссия мүшесі Х.Сеитов сөз сөйлеп, спорттың жаңа түрінмен танысуға жиналған спортшыларға табыс тіледі.

          

Скандинав жүрісін игерушілерге оның қыр сырымен, таяқты қалай ұстап,пайдалану қажеттілігі туралы арнайы шақырылған «Евразия» скандинав жүрісі мектебінің жетекшісі,жаттықтырушы Максим Прощенко таныстырып үйретті.

          

Болашақта аталған Жобаны жүзеге асыру аясында қала бойынша белсенді ұзақ өмір Орталығы құрылады, мұнда кітапхана, ЕДШ-дың фитнес-залы, емдік йога, аэробика, шахмат, тоғызқұмалақ, домино және басқа да залдар жұмыс істейді. Орталықта компьютрлік ағартудың, ағылшын тілінің курстары, мотивациялық семинарлар мен шеберлік сыныптары ашылады. Қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықта күн сайын тегін заңгерлік, психологиялық, медициналық консультациялар көрсетіледі.

          

Скандинав жүрісі- бұл өз денсаулығына бей жай қарамайтын,спортпен шұғылданып денсаулығын шыңдайтын адмдарға арналған керемет спорт түрі. Скандинав жүрісі спорт түрі кез келген адамдарға арналған,ондағы жаттығулар қарапайым жүрістен құралады.

           

16.04.2018