Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2018

Бірлескен қоғамдық қабылдау


Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Б.Н.Торғаевтің бекіткен кестесіне сәйкес аудандық филиалдың мәжіліс залында аудан әкімі, аудан прокуроры Дінмұхамед Шүйкебаев және аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Дәурен Дүйсебаевтың бірлескен қабылдауы өтті.

           

Қоғамдық  қабылдаудың  мұндай түрі туындаған проблемаларды тұрақты бақылауда ұстауға, сонымен қатар көптеген шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік беріп, ашықтықты қамтамасыз етеді.

           

Аудан әкімінің жеке қабылдауында болған 9 адам   тұрғын үй мәселесі, жалақы төленбеу, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері, құзыретті органдардың қызметі туралы шағымдары және тағы басқа сұрақтармен келген.

Тұрғындарымен қойылған сұрақтарды мұқият қарастыру үшін кейбір мәселелер уәкілетті органдардың басшыларына белгілі бір мерзімдерді белгілей отырып тапсырылды, қалғандарына  сол сәтте ҚР заңнамалар шеңберінде түсініктемелер беріледі.


 

16.02.2018