2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.09.2020

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі азаматтарды офлайн режимінде жеке қабылдауды қайта бастады


Бүгін Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Офлайн байланыс тұрғындармен кері байланыс орнатуға, олардың сұрақтарын тыңдап, тез арада шешім табуға көмектесуде қолайлы шара.

Аудан басшысымен кездесуге 8 адам жазылып келді. Сұрақтардың көпшілігі ауланы аббаттандыру, көшелерді жарықтандыру және әлеуметтік көмекке қатысты болды.


Қабылдауға ТКШ және абаттандыру бөлімдерінің басшылары қатысты, оларға аудан басшысы мәселелерді одан әрі шешу үшін нақты тапсырмалар берді.


Азаматтардың барлық өтініштері ерекше бақылауға алынды!

Сонымен бірге, офлайн қабылдау апта сайын сейсенбі күні сағат 10.00-де өтетінін хабарлаймыз. Алдын ала жазылу 275-43-80, 274-82-22 телефон арқылы жүзеге асырылады.

15.09.2020