Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.05.2018

Музей түні-2018


2018 жылдың 18 мамырында 18.00-ден 02.00-ге дейін Алматы қ. Туризм басқармасы, Алматы «Visit Almaty» ресми туристік гиді және тағы басқа ұжымдардың қолдауымен Бостандық ауданында Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Музей түні» акциясы өтеді. Биылғы жылғы шараның тақырыбы (ICOM) халықаралық музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес: «Hyperconnected museums: new approaches, new publics/Гиперкоммуникация кезеңіндегі музей: жаңа көзқарастар» деп аталады.

            

«Музей түні» − бұл Ә. Қастеев музейімен жыл сайын өткізілетін және Халықаралық музей күні мерекесіне орайластырылатын бірегей көркемдік-мәдени іс-шара. Тек жылына бір рет әлемнің барлық музейлері бір мезгілде түнгі уақыттағы келушілер үшін есіктерін айқара ашады.

Күллі әлемдегі «Музей түнінің» негізгі ұраны көрермендер үшін ашықтық әрі қол жетімділік болып табылады. Соған сәйкес, «Қастеевтегі музей түні» мерекелік көркемдік-мәдени акциясының басты мақсаты сан алуан өнер түрлерін дәріптеу және қала тұрғындарының музей бағдарламаларына деген назарын аудару. Осыған орай, түні бойы музейге кіру тегін.

Осы жылы түнгі бағдарлама екі аймаққа қарастырылған: INDOOR( экспозициялық кеңістіктер) және OPEN AIR форматындағы музей ауласы.

15.05.2018