Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.05.2017

«Үздік медбике-2017» сайыс өтті.


  Өткен демалыс күндері Халықаралық медбике күніне орай аудан базасында    И. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында «Үздік медбике-2017» байқауы өтті.

          

 Үздік медбике мәртебесіне мекеменің  15 медбикесі  қатысып, өздерінің тәжірибелік және теориялық шеберліктерін көрсетті.

          

Конкурс үш кезеңмен өтті. Екінші кезеңнен кейін ақтық сайысқа 6 медбике шығып, сайыс жеңімпазы реанимация және шұғыл әрекет ету бөлімінің медбикесі - Байткулова Нұргул И. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының үздік медбикесі-2017 атанды.

          

Шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

          

   

15.05.2017