Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.04.2017

Қалада алғашқы көктемгі сенбілік өтті


  Бүгін оңтүстік астанамызда көктемнің алғашқы жалпы қалалық сенбілігі өтті.

 Жалпықалалық сенбілік аясында шаһар басшысы Бауыржан Байбек Бостандық ауданы базасынадағы Ботаникалық бақ ішінде қылқан жапырақты ағаш отырғызып, тазалық науқанына қатысушыларға сәттілік тіледі.

         

   Сүйікті қаламызды қысқы қоқыстан тазарту жұмысына Бостандық ауданы тұрғындары да белсенді ат салысып, қолдарына күрек, кетпен, сыпырғы ұстаған кіші және орта бизнес, мекеме, ПИК, білім беру ұжымдары мен  аудандық құрылымдық бөлімше қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты тазартып, қоқыс салынған қаптарды  қала сыртына шығарды.

         

  Көктемгі сенбілікке Бостандық ауданы бойынша  шамамен  45 900 адам қатысты, 143  бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 110 000 ш\м арық жүйелері тазартылды  және  2 050 кубметр қоқыс қала сыртына шығарылды.

        

  Сенбілікке ауа райы да өз үлесін қосқандай, күн шуақты болып тазарту науқанына қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сылады.

        

15.04.2017