Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Көзі көрмейтін науқастарды медициналық тексеруден өткізді


Халықаралық соқырлар күні және «Кедергісіз келешек» партиялық жоба шеңберінде Бостандық ауданының №4 қалалық емханасының жергілікті дәрігерлері, психолог және әлеуметтік қызметкерлері емханаға тіркелген көзі соқыр науқастардың үйлеріне барып медициналық тексеру жүргізді.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобаның негізгі мақсаты мүгедектері шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Оларға үнемі қамқорлық пен көңіл бөлу. Осы ортадағыадамдарға қамқорлық жасау - үлкен әлеуметтік жауапкершілік.

   

 Мемлекет басшысымен 2015 жылдың 20 ақпанына қол қойылған«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекет пен қоғамның мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету, қорғау және дамыту үшін қосымша кепілдіктер жасау міндеттері жүктелген.

Мүгедектері шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардың күш-жігерлерін қоса алғанда «Кедергісіз келешек» партиялық жобаны іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда тиімділігін арттырады», - деді «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының хатшысы Ш.А. Анарбаева.

 

14.11.2018