Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2018

Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтуде


Алматы қаласы Бостандық ауданы базасындаҚазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтуде.

           

  

Съезге 184 қазақстандық делегат пен 15 шетел кітапханаларының жетекшілері пікір бөлісіп, тәжірибе алмасуға келген. 

«Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі - елімізде өтіп жатқан тарихи шара. 20 жылда алғаш рет кітапханашылар III съезге жиналып отыр. Кітапханашылар, қоғам белсенділері мен мемлекет өкілдері кітапхана мәселесін талқылау үшін бас қосты. Кітапхана - кітап сақтайтын орын, жазбалар мұрағаты ғана емес, көпфункционалды қоғам институтына айналуы керек. Алыс аймақтағы кітапханалардың техникалық, технологиялық жағдайы ақсап тұр. Мемлекет басшысы 2020 жылдан бастап кітапханаларды цифрландыруды тапсырды»,-деді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Ажар Юсупова.  Оның айтуынша, кітапхана құжаттарын цифрландыру операциясына сақадай сай.  «Кітапханамызда цифрландыру орталығы жұмыс істейді. Алайда, авторлық құқық туралы заң біздің жұмысымызға кедергі болуы мүмкін. Себебі, заңнама бойынша автордың келісімінсіз оның еңбегін электрондық нұсқаға көшіруге болмайды. Егер осы заңды қайта қарастырмаса, кітапхана қорын толық цифрландыруға мүмкіндік жоқ»,-деді Ажар Юсупова.

Қазақстан кітапханашыларының съезі соңғы рет 1998 жылы өткен еді. Араға 20 жыл салып барлық жүйелер мен ведомстволардың кітапханалық қауымдастығы алғаш рет жиналып отыр.


14.09.2018