Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.06.2019

Бостандық ауданында дәрігерлер мен медицина қызметкерлері марапатталды


Еліміздің күнтізбесінде ең маңызды  мерекелік күндердің бірі Медицина қызметкерінің күні.  Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Медицина қызметкерінің күні дәстүрлі түрде маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.  Биыл 2019 жылы бұл күн 16 маусымға  түсіп отыр.

Мереке қарсаңында Бостандық ауданының дәрігерлері төл мерекелерін атап өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы  мерекелік іс-шараны ашып, медицина қызметкерлерін  құттықтап, зор денсаулық тіледі.

 

- Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымызды тоқтатады. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!.»-деп аудан әкімі А.Рахымбетовтың атынан бір қатар еңбек ерлерін құрмет грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттады.

 

Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен ұласты.

14.06.2019