Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.06.2018

Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді

Ұлттық домбыра Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  Астана, Ақорда, 12 маусым 2018 жыл.


http://www.akorda.kz

14.06.2018