2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.05.2020

Көп балалы аналар марапатталды


Бостандық ауданында тағы 4 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын тақты.

 

Бүгін аудандағы мемлекеттік сыйлық иегерлерінің тізімі тағы да толықтырылды. Бұл жолы бір батыр ана Жұмағұлова Марал «Алтын алқаны» алса, 3 ана «Күміс алқа» белгісімен марапатталды.

 

Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Ертаева мемлекеттік наградаларды табыс етіп, аналарды осы мерекемен құттықтап, отбасы бақытын, балалардың қуанышты сәттерінің куәсі болып аман жүрулерін тіледі.

 

Ол құттықтау сөзінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.

«Алтын алқа» марапатына жеті немесе одан көп бала туып өсірген аналар ие болады. Күміс алқа 6 бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.


14.05.2020