Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.04.2017

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» аудандық сайыс


  Бостандық ауданы әл-Фараби атындағы № 145 мектеп базасында Алматы қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердің желісін дамыту және қазақ тілінің оқытылу деңгейін арттыру 2016-2018 жылдарға арналған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өзге ұлт өкілдері оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім»   атты аудандық байқау өтіп, оған Бостандық ауданының жалпы білім беру мектептерінің 8,9,10,11- сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар 4 бағыт бойынша қазақ тілі мен әдебиеті білімдерімен сайысқа түсті.
          

Тіл сайысы төрт бағытта өтті.

1. «Білгірлер» бағыты -  қазақ тілінің  грамматикасы бойынша  дайындалған (20 сұрақ) тест тапсырмаларын жазбаша  орындап, алдын ала  дайындалған сұрақтар билеттер бойынша ауызша талдады.

2. «Білімдіден шыққан сөз» бағыты –қазақ әдеби шығармалары бойынша дайындалған (20 сұрақ) тест тапсырмаларын жазбаша орындап өзі таңдаған бір шығарма бойынша ауызша сынақ тапсырды.

3. «Ұшқыр ойдың қанатында» бағыты – ұсынылған тақырыптардың біріне ой толғау (эссе ) жазды.

4. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» бағаты – қатасушы өзі тағдаған тақырып бойынша көркем сөз оқу шеберлігін көрсетті.  Сондай-ақ қатысушы қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінен, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерен берілген ойды талдап айтып берді.

        

Байқау қорытындысы бойынша:

 1.«Білгірлер» бағыты бойынша:

    1-  орын Низамова Динара (№145 мектеп 9-сынып оқушысы),

    2- орын Мухтадонова Милана  (№183 ЖББМ 10-сынып оқушысы),

    3- орын Зайцев Максим (№68 мектеп-гимназия 11-сынып оқушысы), 

  Белсенділік танытқаны үшін №165 мектеп лицейінен 11-сынып оқушысы Безнос Диана, №165 мектеп лицейінен Баранов Владислав 11-сынып оқушысы, №94 мектеп гимназия Хизметова Юлтуз 10-сынып оқушысы марапатталды.

          

2. «Білімдіден шыққан сөз» бағытында:       

   1- орын Долбния Андрей (№51 мектеп 10-сынып оқушысы),

   2-орын Сұлтанов Мирас (№145 ЖББМ 10-сынып оқушысы),

   3-орын Савченко Марина (№105 гимназия 11-сынып оқушысы),

  Белсенділік танытқаны үшін №94 мектеп гимназиянын 9-сынып оқушысы Рощина Алина марапатталды.

         

3. «Ұшқыр ойдың қанатында» бағытында

    1- орын  Сағымбаева Әсел  (№94 мектеп-гимназия 11-сынып оқушысы),

    2-орын Харламова Ангелина (№165 лицейі 8-сынып оқушысы),

    3-орын Ли Арман (№165 лицейі 10-сынып оқушысы),

Белсенділік танытқаны үшін №105 мектеп гимназиянын 9-сынып оқушысы Абликимова Дильназа, №51 мектеп гимназия 9-сынып оқушысы Банных Карина марапатталды7

4. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» бағатында

      1-  орын   Салманов Қадыр (№145 ЖББМ 10-сынып оқушысы),

      2- орын    Бакулина Ульяна (№68 мектеп-гимназия 11-сынып оқушысы), 

      3-орын Гольперн Тайсия (№105 гимназия 11-сынып оқушысы),

Белсенділік танытқаны үшін №94 мектеп гимназиянын 10-сынып оқушысы Дудуева Замира, №183 мектептің 10-сынып оқушысы Махтадова Милана,

№51 мектеп гимназияның 9-сынып оқушысы Гусельникова Анастасия, №63 мектептің 8-сынып оқушысы Окбаев Николай, №63 мектептің 7-сынып оқушысы Березикова Кристина марапатталды.

 Қорытындылай келе әр бағыт бойынша 3 жүлделі орын, барлығы 12 жүлделі орын тағайындалып, ерекше белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. «Мемлекеттік тіл- менің тілім» сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған ұстаздарға Құрмет грамотасы берілді.

14.04.2017