2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.01.2020

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады


Бүгін, 2020 ж. 14 қаңтарда, Мемлекет басшысының «халық мәселесіне құлақ асатын мемлекеттік ықзметші» тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.


Бостандық ауданының тұрғындары әкімге әлеуметтік сала мен аймақтың көркейуіне қатысты түрлі сұрақтар қойды.


Шара барысында қабылдауға келген 5 адамның 3 сұрағы сол жерде шешіліп, қалған екеуіне түсініктеме берілді.


Қабылдауға өтініштерді жедел қарау мақсатында әкімдік бөлімдерінің басшылары қатысты. Азаматтарды қабылдау барысында аудан әкімі азаматтарға алаңдаушылық тудыратын мәселелерді одан әрі шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.


14.01.2020