2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2015

«Қазақстан барысы» іріктеу туры өтті


Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті спорт кешенінде «Нұр Отан» партияның Бостандық аудандық филиалының қолдауымен Бостандық ауданы аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне  «Қазақстан барысы» қазақша күрестен іріктеу турнирін өткізді.

Спорттық шара мемлекеттік әнұранмен басталып, «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәуленов Нұрлан Оңласынұлы алғы сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.

Турнирге 30 дан аса балуандар қатысты, олардың ішінде кәсіпорын, жоғары және арнайы орта білім беру мекеме қызметкерлері мен студенттер болды.

Әділ қазы алқасы қорытындысы бойынша:

1 орын- Демьяненко Виктор алды.

2 орын- Бақыткелдіұлы Ертуған

3-орынды екі балуан Мұқатаев Батыр және Нүсіпәли Мади бөлісті.

1 және 2 орын жеңімпаздары «Қазақстан барысы» қалалық сайысқа жолдама алды, ал қалған қатысушылар аудан әкімі атынан бағалы сыйлықтар мен грамотамен марапатталды.

13.05.2015