2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.03.2015

Аудандық семинар


Алматы қаласы Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназиясында Бостандық ауданы білім бөлімінің әдіскері Каласова Жібек Алпамысқызының ұйымдастыруымен «Гүл-көктемнің жаршысы» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға ауданның жалпы білім беру мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар бағдарламасы бойынша аталған мектеп директоры Г.Кокебаева мектеппен таныстырып,тарихына шолу жасады.

Шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Жоламанова және А.Тойлыбаева «Мектептегі тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы» тұсаукесерін ұсынып, әріптестерімен іс-тәжірибелерімен алмасты.

Артынан «Гүл көктемнің жаршысы!» тақырыбында оқушылардың қатысуымен әдеби—сазды концерттік бағдарлама ұсынды.

Семинарды Бостандық ауданы білім бөлімінің әдіскері Каласова Жібек Алпамысқызы қорытындылап, шараға қатысушыларға өз атынан алғыс білдірді.


13.03.2015