Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.10.2017

Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды


 Бостандық ауданында Орталық Азия университетінде студенттер мен профессорлық-оқытушы құрамы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді талқылады.

Іс - шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Онда Елбасымен негізгі басымдықтарының бірі қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіруді анықтаған ды, бұл шын мәнінде еліміздің рухани және мәдени дамуындағы тарихи кезең.

           

Кездесу басында сөз алған Университеттің гуманитарлық факультеті деканы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сөзін тиек етіп, Латын әліпбиіне көшу өзінің терең тарихи логикасына ие екендігін айтты. Өйткені, бұл қазіргі заманғы технологиялық орта мен заманауи әлемдегі коммуникацияның , сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және оқу үдерісінің ерекшеліктері.

«Мен алфавиттің латын әліпбиіне көшуіне оң көзқараспен қараймын. Біздің ата-бабаларымыз латын тілінде жазған. Менің ойымша ең алдымен, қазақ тілінің байлығын жоғалтпау үшін жаңа алфавиті аздап жетілдіру керек»,- деді Орталық Азия Университетінің ғылым бйоынша проректоры Нұржан Мақсатов.

           

Сондай ақ өз  ойымен  ОАУ оқу –хатшысы, пелһдагогика және гуманитарлық тәртіп кафедрасының доценті Фагила Шуканқызы, Гуманитарлық факульетінің 2 курс студенті Мария Шеронова  бөләсәп, жаңа алфавитті қолдайтындықтарын айтып жеткізді.

Қоғам қалқысына салынғаннан кейін 2017 жылдың соңына дейін қазақ алфавитінің жаңа біріңғай стандартын қабылдау жоспарлануда. Ал келер жылдан бастап латын әліпбиін үретін оқытатын ұстаздар кадрын және орта мектептерге оқулық дайындау жұмысы қолға алынатын болады.

13.10.2017