Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2017

Ауданда көркемсөз оқу шеберлері сынға түсті


 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспарын жүзеге асыру мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  17- 29 жас аралығындағы азаматтар арасында  «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқау ұйымдастырып, өткізді.

           

Байқаудың мақсатмемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу. Көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

              

Байқау келесісей кезеңдер бойынша өтті:

1. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу; 2. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу; 3. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары драмалық шығармаларынан үзінді оқу.

          

  Қалалық сайысқа аудандық тудан өткен жеңімпаздар қатысты.

  Үміткерлер қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларын және қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Бұдан бөлек қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігі, дұрыс дыбыстауы, мәтінді таңдау талғамы және сахналық образ сынға алынды.

  Қазылар алқасы қалыптасқан дәстүр бойынша қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберліктеріне, оқылатын шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударды.

           

Байқаудан іріктеліп шыққан бірінші, екінші, үшінші орын алған жеңімпаздарына тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Жүлделі орындар келесідей анықталды:

І -орын  - Накова Жанар (Алатау ауданы);

ІІ -орын - Зарипов Бейбарыс (Бостандық ауданы);

ІІІ- орын -  Құрышжан Досбол  (Әуезов ауданы).

13.09.2017