Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2017

Ауруханаішілік инфекциялық ауруларды алдын алуға бағытталған «Таза қолдар» іс-шаралары өтті


  2017 ж. 12 кыркүйегінде Бостандық аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы базасында аудандағы медицина ұйымдары қызметкерлерімен  ауруханаішілік инфекциялық ауруларды алдын алу іс-шараларды жетілдіру  мақсатында «Таза қолдар» және қол жуу нұсқамасы атты кеңес беру жиналысы өтті.

           

 Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы әртурлі объектілірмен жанасцы кезінде ластанатын қолы болып табылады.

           

  Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату және ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе әлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлероінің қолын өңдеу қажет.Кеңес беру жиналысында қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

13.09.2017