Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2017

Бостандық ауданында «Діни экстремизмді және терроризмді алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді


  2017 жылдың 11 қыркүйегінде Бостандық ауданы әкімінің аппаратымен қолдауымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Филология және әлемдік тілдер факультетінің» студенттеріне «Діни экстремизмді және терроризмді алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Іс-шараны Бостандық ауданының  ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, философия ғылымының кандидаті Бияздыкова Кенжегүл жүргізді. 

           

  Шара барысында студенттерге деструктивті діни ағымдардың таралуының басты себептері, олардың түрлері туралы түсіндіріліп өтті. Сонымен қатар,  ағымға тартудың түрлерімен, зардаптары туралы айтылды.

Іс-шара жастар арасында діни білімді жетілдіру мақсатында, жат діни ағымдардың ықпалына түсіп кетуінің алдын алу мақсатында өткізілді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының өзекті бағыттары талқыланды.

13.09.2017