Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2016

«Өз балаңа үлгі бол» Республикалық конференция өтті


    

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі мен «Нұр Отан» партиясының тапсырмасымен Отбасылық Тәрбиелеу Институтының арнайы жобасы бойынша Алматы қаласы  Бостандық ауданы  жалпы орта білім беру мектептерінде "Отбасы күні" орай түрі іс-шаралар өткізілуде, соның бірі №40 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында  «21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық көмек» Республикалық  Конференциясы  өтті.

Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты  нығайтуға  негізделген.

Осы шараға қатысқанн Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Бағайлы Әбдәліұлы қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақтын ата-аналарына, балаларын отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор назарын аударуына кеңес берді.

Конференцияда Отбасылық Тәрбиелеу Институтының арнайы жобасымен әзірленген «21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы түсіндірмелі видеолар жиынтығы, ата-аналарға көп ой салды.

Конференцияға "Нұр Отан партиясы Бостандық ауданы филиалының өкілі, мектеп  әкімшілігі, тәрбие ісі орынбасары  және 1 сыныптың ата-аналары   75 аса  адам қатысты.


13.09.2016