2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.07.2019

«Тіл шебері» қалалық байқау өтті


«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» қалалық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 14 үміткер қатысты.

 

Байқаудың қортындысы бойынша Бас жүлдені (Гран -при) Бостандық ауданының азаматтық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Абзалбек Әділхан Айтбекұлы иеленді.

 

I орын - Әуезов ауданы,

II орын – Медеу ауданы,

III орын – Наурызбай ауданы.

Байқаудың номинациясы бойынша: Бостандық ауданы әкімінің аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Жилкиайдаров Айдар Бекбердиұлы «Ерекше өнер» атты номинациясын ұтып алды.

Қалалық конкурстың жеңімпазы Алматы қаласы атынан Республикалық конкурсқа жолдама алды.

13.07.2019