Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2019

Бостандық ауданында «Jasyl meken» жалпықалалық сенбілік өтті


Белгілі болғандай, жыл сайын дәстүрлі түрде көктем мезгілінің алғашқы айында қаламызды көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбілік өтеді.

Бүгін 13 сәуірде оңтүстік астанамыздың тұрғындары қаланы тазарту және жасылдандыру мақсатында «Jasyl meken» жалпы қалалық іс-шараға шықты.

 

Бостандық ауданының әкімі Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы және аппарат қызметкерлері жалпы қалалық ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.

 

Бұл күні жапырақты және қылқан жапырақты түрлердің көшеттері отырғызылды. Жалпы Бостандық ауданы аумағында шамамен 700 дей  ағаш отырғызылды.

 

Сондай-ақ, шараға Бостандық ауданының тұрғындары студенттер, мектеп оқушылары, шағын және орта бизнес өкілдері, өнеркәсіп және ПИК белсенділері көктемгі іс-шараға қатысты. Аудан бойынша бүгінгі тазалық күніне 18 мың 625 адам қатысып, 96 бірлік арнайы техника тартылды.

 

Бостандық ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері сенбілікке қатысушыларға қажетті жабдықтар, қоқыс пакеттерін және қолғап, айыр тырма сыпырғылармен жабдықтап берді. Сондай-ақ, қоқыс пен ТҚҚ уақтылы алып тастау үшін тиісінше автокөліктер тартылды.

 

 

 

 

13.04.2019