Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2018

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өтті


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласында аудандық әкімдіктерімен бірлесіп эстафеталық жарыстың қағидаты бойынша өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын іске қосты.

           

Аталмыш шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қалалық эстафета.

2018 жылдың 12-ші сәуірінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Бостандық ауданы мен қаланың басқа аудандарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Адал жол - адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өтті.

           

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына мыңдаған алматылық жастарды жинады. Басты мақсат - қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену. Эстафетаның алауы ретінде «Адал жол» кітабы қаладағы сегіз аудан бойынша жүріп өтті. Онда жемқорлық пен сыбайластыққа қарсы ой пікірлер мен ұсыныстар жазылады.

           

Жиналғандар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияров Геннадий Гожахметұлы, Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев  және "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары сөз сөйледі.

           

Қалалық эстафета бүкіл ел бойынша сегіз айға созылады және 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күніне қарсы  7 желтоқсанда аяқталады, жобаның қорытындылары шығарылып, ең белсенді қатысушылар анықталады.

Шараны Бостандық ауданы К.Байсейтов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының халық аспаптар ансамбльі мен қазақ эстрадасының жас жұлдыздары концерттік бағдарламамен жалғастырды.

13.04.2018