2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.02.2020

"Нұрлы тау" ы/а Бостандық ауданы әкімдігі ашық есік күнін өткізді


Әдеттегідей сәрсенбі күні, яғни 12 ақпанда   Бостандық ауданы әкімдігі "Нұрлы тау" ықшам ауданында «Ашық есік күнін» өткізді. Шара «халыққа құлақ асатын мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасы мен «Халыққа мобильді көмек» жобасы аясында өтті.

 

Атқарушы орган өкілдерімен кездесуге 30-дай тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева,Серик Адилбаев, Жанар Садвакасова және аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары келді.

 

Бұл жолы тұрғындар аула аумағын қардан тазалау, тротуарлар мен жолдарды жөндеу, жол қауіпсіздігін ұйымдастыру және аула мен көшелерді жарықтарындыру мәселелерін көтерді.

Кездесуде қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, шешімін табу үшін кейбір сұрақтар аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.

13.02.2020