Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.02.2018

"Өзін өзі тану" декадасы өтуде


«Өзін-өзі тану» декадасын өткізу және Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күнін мерекелеу аясында Бостандық ауданы О.Жандосов атындағы № 105 гимназия қабырғасында «Жүрек тілді физика», «Моральдық грамматика» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

           

«Өзін өзі тану» ашық сабақ барысында сынып жетекшілер мен оқушылар Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірі, балаларға арналған қайырымдылық жұмыстары туралы презентациялар дайындап, креативті тапсырмалар орындап, мейірімділік туралы әңгіме айтып, шығарма жазды.

 Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жданова Наталья Владимировна 7-ші «В» сыныбында «Әдептілік грамматикасы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

                

Сабақ интерактивті, жан-жақты өтті. С. Назарбаева туралы деректі фильм және «Бумеранг доброты» атты бейнефильмі көрсетілді. Сондай - ақ балалар Сара Алпысқызының «Давайте восклицать!» атты сүйікті әнін орындады.

Мұндай сабақтар балалардың бойына рухани-адамгершілік пен мейірімділіктің жақсы қасиеттерін сіңдіреді. Ал рухани-адамгершілікке бай   болашақ еліміздің байлығы.

Өзі-өзін тану сабақтары ауданның барлық мектептеріне өтті.

 

13.02.2018