2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.05.2015

«Ер есімі ел есінде» акция өтті


9 мамыр күні Бостандық ауданы базасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында ашық есік күні өтіп, шара шеңберінде Қазақстан Республикасының  Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп,  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған   «Ер есімі ел есінде» атты акция өтті.

Бағдарламада: музейдің экспозициялық залдарына шолу және тақырыптық экскурсиялар, Б.Момышұлына арналған «Отан үшін отқа түс» атты музейлік сабақ, «Іздестіру қызметі және жанұялардың бірігуі», «Алғашқы жедел жәрдем» акциялары, соғыс жылдарында танымал болған әндердің концерттік бағдарламасы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және еңбек майданына қатысушылар  туралы музей қорынан алынған «Ер есімі ел есінде» атты және Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы ұсынған материалдар  бойынша «Қазақстанның мейірбикелері» атты екі көрменің ашылуы өтіп, дала асханасы жайылды.

«Ер есімі ел есінде» көрме мұражай қорынан ұсынылған фотоматериалдар, жазға құжаттар,әскери киімдер нумизматикалық және тағы басқа заттар қойылған.Қойылған экспонаттар Қазақстандық солдаттар мен барлаушылардың ерліктерінен сыр шертеді.

Мұражай кинозалында күні бойы Ұлы Отан соғысы туралы хроникалық-деректі фильмдер көрсетілімі өтіп, музей холында Қызыл Крест қоғамының және ТЖ қызметтері туралы документалды фильмдер көрсетілді.

12.05.2015