2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.03.2015

V халықаралық көрме


Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында «Атакент» көрме орталығында «Күзет, қауіпсіздік, құтқару құралдары және өртке қарсы қорғану - AIPS 2015» атты V халықаралық көрме ашылды. Соның аясында қосымша секция ретінде тұңғыш рет «Ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік және байланыс - ITS 2015» көрмесі де өз жұмысын бастады.

«Биыл тұңғыш рет ақпараттық технология секциясының қосылуына байланысты көрменің аумағы 20 пайызға ұлғайтылып, 1800 шаршы метрді құрады. Көрмеге деген қызығушылық жылдан-жылға арта түсуде. Мұнда Қазақстанды қосқанда, әлемнің 9 елінен 80-нен астам компанияның өнімдері қойылды. Бір қуанарлық жәйт, көрмеге қойылған технологиялардың 60 пайызы отандық компанияларға тиесілі. Яғни, олар Қазақстанда жасалған. Егер бұрындары қазақстандық компаниялар бұл шараға негізінен дистрибьютор ретінде қатысып келсе, бүгінде толыққанды өз өндірісі бар компаниялар ретінде қатысуда», - деді көрме директоры Юлия Палагутина. 

Аталмыш көрмеге әр түрлі қауіпсіздік технологиялары қойылған. Олардың ішінде түрлі қауіпсіздік құралдарын, апаттық-құтқару және өрт сөндіру техникаларын, бейнебақылау жүйелерін, арнайы киімдер, қорғаныс құралдарын және басқаларын айтуға болады.

Айта кетелік, қазақстандық компаниялардың өнімдері негізінен өрт сөндіру, бейнебақылау және ақпараттарға қолжетімділікті қадағалау жүйелеріне арналған.

Ұйымдастырушылар көрмені қарапайым келушілерден басқа, 3000-ге жуық кәсіби мамандар келіп тамашалайды деген үмітте. Сонымен қатар көрме аясында семинарлар өткізу көзделген.

Көрме жұмысы 13 наурызға дейін жалғасады.
12.03.2015