Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.10.2017

Тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу


Алматы қаласы Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының базасында бақылаудағы субъектілермен түсіндіру жұмыстары жүргізу мақсатында «2017-2018 жылғы  індеттік кезеңде тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын-алу  шаралары» тақырыбында семинар-кеңес  ұйымдастырылып өткізілді.

 Семинар-кеңестің аудитория құрамын, Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан жеке меншік  мектептер медициналық  қызметкерлер құрады.

           

 Семинар-кеңесте "2017-2018 жылғы  індеттік кезеңде тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын-алу  шаралары"  бойынша    Алматы қаласы денсаулық сақтау департаменті  2017 ж  06.09.2017 ж №213-ө  және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы  2017 жылғы 07.09. №329 бірлескен  бұйрықты талдау, атқаратын жұмыстарды нақтылау жұмыстары түсіндірілді.

Семинар-кеңеске қатысушыларға тұмауға қарсы егуге жататын халықтың әлсіз топтары  (медицина қызметкерлері, иммунитеті жетіспейтін  әлсіз  және жиі ауыратын балалар мен ересектер, жабық мекемелердегі контингентті, 2-ші мен 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер және  эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша  егуге жататындарды  тұмауға  қарсы   вакцинациалау   ағымдағы жылдың  2 қазанынан бастап басталғанын және 30 қарашаға дейін жүргізілетінін жоғарыда көрсетілген топтар арасында насихаттау қажеттілігі  түсіндірілді.

Вакцинациалау жұмыстары  аумақтық емханаларда  жүргізіледі.

 Семинар-кеңеске қатысушылар бірлескен бұйрық жұмыстарының өткізілуі  бойынша сұрақтар қойып, нақты  жауаптар алды.

12.10.2017