Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.09.2017

Үлгілі отбасыларын мадақтау сұрақтары бойынша тақырыптық қабылдау өтті


  Отбасы біздің қоғамның құндылықтарын сақтаудағы маңызды институт болып табылады. Отбасыда ұрпақтың сабақтастығы, ақсақалдарға құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, өзара қолдау, еңбекқорлық және білімге ұмтылу дәстүрлері қалыптасады. Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау - біздің мемлекеттілігіміздің дамуының кепілі», - дейді партияның саяси доктринасы.

  «Нұр Отан» партиясы  Бостандық ауданы филиалында «Бақытты отбасы- Сачастливая семья» партиялық жоба ясында  Отбасы күніне орайластырылған тақырыптық қабылдау өтті.

           

Шараны Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Қарлығаш Сәдібек жүргізді.

Қабылдауға   Алматы  қаласы заң қорғаушы коллегиясының мүшесі, заң кеңесінің қорғаушысы, заңгер –М.Ж.Үсіпбеков  қатысып, М.К.Түребаев   және  Б.К. Ахметовтар отбасына мүгедектікті рәсімдеу және емдеу  мекемелерінде       медициналық қызмет түрін алу сұрақтары бойынша кеңестер берді.

           

  Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы қабылдауды жүргізуші - Сәдібек Қарлығаш  Отбасы күніне орай үлгілі отбасыларын мерекеге тарту бойынша АМБ жетекшісімен байланысып құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндіріп берді.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 1 наурызда Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және басқа да мерекелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлыққа сәйкес, елде жаңа мереке - Отбасы күні, ал оның мерекелеу - қыркүйек айының екінші жексенбісі болып анықталады.

Мерекенің басты мақсаты - мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтауды, жас ұрпақты тәрбиелеуді, демографиялық проблемаларды еңсеру мен отбасы институтын құру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешудің ұлттық мемлекеттік міндетін жүзеге асыру.

 

12.09.2017