Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.07.2019

Аудан әкімі көпбалалы аналарды қабылдады


Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов азаматтардың және көп балалы аналардың жеке қабылдауын өткізді.
        

Жеке кездесу барысында қабылдауға жазылған барлық азаматтар өздерін толғандыратын сұрақтар қоюға  мүмкіндік алды. Аудандағы көпбалалы аналар өздерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге, ал қалған тұрғындар - жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына және жол-көлік оқиғалары туралы мәселелерін көтеді.

         

Кездесуде көтерілген мәселелерді жылдам және тиімді шешу үшін қабылдауға аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары қатысты.

Қабылдау кезінде қойылған барлық  сұраққа заң шеңберінде жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Аудан әкім А. Рақымбетов барлық сұрақтардың шешілуін өз бақылауына алатыны айтып жеткізді.

 



12.07.2019