Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.07.2018

Қастеев музейі балаларды жазғы демалысты бірге өткізуге шақырады


А. Қастеев атындағы өнер музейі 8-11 жастағы балаларды жазғы демалысты бірге өткізуге шақырады. Музейдің тәжірибелі ұстаздар мен экскурсия жетекшілері жазды ұмытылмастай етіп өткізуде ат салысады!

 Мұнда күн сайын:

9:00 – 9:30 – интерактивті ширату ойыны 
9:30 – 10:30 – тақырыптық ойын түріндегі экскурсия
10:30 – 11:00 – көңілді жүрек жалғау (үзіліс) снекті өзімен бірге алып келу
11:00 – 12:00 – қызықты шеберлік сабақтары мен квесттер
12:00 – 13:00 – шығармашылық сағаты: мүсіндеу, сурет салу, шығармашылық, достар табу.

           

Балалар өнер лагері музей педагогикасы бағдарламасының негізінде жасалып, 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар үшін экскурс-бюро және ғылыми бөлімдердің қызметкерлері тарапынан әзірленді. Лагерьдің жұмыс жасау мерзімі − Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ негізінде 2018 жылдың 2-23 шілдесі. Барлығы әрқайсысында 7-10 адамнан тұратын екі жасақтан (дүйсенбіден жұмаға дейін 8:30-дан 14:00-ге дейінгі қоса алғанда) екі ауысым жоспарланып отыр:
1 ауысым – 2-нен 13 шілдеге дейін,
2 ауысым – 16-нан 27 шілдеге дейін.

Екі аптаның ішінде ауысым қатысушыларына өнер мен шығармашылықтың атмосферасына толықтай ену ұсынылған. Әр ауысымның бағдарламасында тақырыптық бейімделген экскурсиялар, қызықты ойындар мен интерактивтер, сондай-ақ бейнелеу өнерінің ғажайып әлемімен танысу мүмкіндігі бар.

Музейдің тәжірибелі ұстаздарының жетекшілігімен балаларды, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындау мен дамытуға бағытталған бірқатар авторлық оқулар мен шеберлік сабақтар, музейдің тұрақты әрі уақытша экспозицияларының белгілі туындыларымен танысу, ал ең бастысы – демалысты пайдалы өткізу күтіп тұр.

«Қастеев музейіндегі жаз» өнер лагерінің бағдарламасы: 
• Таза ауадағы зияткерлікті дамытатын ойындар;
• Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясымен танысу, музей ісіне ену;
• Музей және оған жалғасып жатқан Мүсін саябағы бойынша қызықты экскурсиялар;
• Пленэрлер (таза ауада кескіндемемен айналысу);
• Кәсіби ұстаздар мен өнертанушылармен шығармашылық сабақтар мен шеберлік сабақтары;
• Суретші шеберханасын көру;
• Шығармашылық жоба әзірлеу.

http://www.gmirk.kz

12.07.2018